Енді жылдар бойы жүргізушілік тәжірибеңізді жоғалтудың және өзіңізге қажетті автокөлікті сатып алуға ақша жинаудың қажеті жоқ. Jet Car — Қазақстандағы қолданыста болған көлікті несиеге сатып алуға мүмкіндік беретін компания.
Біз көлік сатып алуға несие берудің айқын және ыңғайлы талаптарын ұсынамыз. Біздің қызметімізді пайдаланып, несиеге авто алу үшін компанияның қарапайым талаптарына сай болу және өз мүмкіндіктеріңізді объективті түрде бағалау қажет. Бұның қалай жұмыс істейтінін білгіңіз келеді ме? Кез-келген көлікті сату туралы хабарландыруды таңдаңыз да, Jet Car-ға хабарласыңыз!
Біздің мамандарымыз жүрілген автокөлік таңдаудан бастап, оны сатып алуға несие ресімдеуге дейін Сізге көмек көрсетуге дайын. Қиындық туғызған барлық мәселелер бойынша кәсіби кеңес алыңыз.
Бүгін-ақ өз көлігіңізге отыруға болатын болса, жылдар бойы күтудің қажеті қанша? Егер Сіз қаржыландырудың барлық мүмкіндіктері ішінен автонесиені таңдаған болсаңыз, біздің бөлімшелеріміздің есігі Сіз үшін әрқашан ашық!
Jet Car — Mogo Group тәжірибесімен, Қазақстан нарығында сәтті дамып келе жатқан жаңа бренд. Компания 2018 жылы несиеге автокөлік сатып алу және қаржыландырудың өзге нұсқалары қызықтыратын клиенттер үшін арнайы құрылған. Қазақстанның ірі-ірі қалаларында Компанияның бірнеше офисі ашылған. Бізді Алматы, Шымкент қалаларында таба аласыздар.
Біз ұсынатын қызметтердің негізгі артықшылығы — өтінімдерді қарастырудың жедел жылдамдығы және төлем жасауға қабілеттілікті растайтын құжаттарға қатысты бейілділік танытуымыз. Барлық талаптарды орындаған болсаңыз, Сіз өтінім мақұлданған сәттен бастап бір күн ішінде несиеге жаңа немесе қолданыста болған автокөлікті сатып ала аласыз. Бұл үшін кіріс туралы анықтама және керемет несие тарихы қажет емес!
Қаржыландыру мерзімі мен мөлшері бойынша икемді талаптар ұсынамыз! Біз 3 айдан 10 жылға дейінгі мерзімге шарт жасай отырып, 300 000 теңгеден 10 млн теңгеге дейінгі қолданыста болған автомобиль несиеге сатып алуға көмектесетін Қазақстандағы бірен-саран компаниялардың бірі болып табыламыз.